Бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Президенттің Жолдауын республикалық телеарналар, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, Конституцияның 30 жылдығына арналған жиында президент биылғы Жолдауының мазмұнын жариялаған болатын.

«Бәріңізге мәлім, мен 8 қыркүйекте халыққа Жолдауымды жариялаймын. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы маңызды мақсат-міндеттерді айқындаймын», – деген еді Тоқаев.