Бұған ел футболшыларының 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиядан ойсырай (0:6) жеңілуі себеп.
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қызметтен кету туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы ол ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында мәлім еткен.
– Қысқа ғана хабарлағым келеді, жеңілісті өз мойныма аламын, бұл – менің кінәм. Футболшылардың еш қатысы жоқ. Елге оралған соң бірден жұмыстан кету жөнінде арыз жазамын, – деді Әлиев.
Әли Әлиев 1980 жылы Алматы қаласында туған.
Бапкерлік жолын 2014 жылы "Ордабасы" сапында ойыншы әрі бапкер ретінде бастаған еді. 2018 жылы футболшы мансабын аяқтаған соң Петропавлдың "Қызылжар" клубын жаттықтырып, Премьер-лигада доп тебуіне жағдай жасады.
Еске салайық, Әли Әлиевтің басшылығымен Қазақстан ұлттық құрамасы биыл қаңтар айынан бастап 7 кездесудің екеуінде ғана жеңіске жетті.