Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Жаңбыр, дауыл, жел: 8 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады

Синоптиктер еліміздің қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты.

“Қазгидромет” РМК 8 қыркүйекке жасалған ауа райы болжамын ұсынды.

Астанада көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады, жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +15…+17°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +29…+31°C.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +29…+31°C.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +25…+27°C.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +20…+22°C.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде жел 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +19…+21°C.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +18…+20°C.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +19…+21°C.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, шаңды дауыл, жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +28…+30°C.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр, найзағай, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +16…+18°C.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +18…+20°C.


Оқи отырыңыз: Бүгін президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Оны қайдан көруге болады


Семейде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 5-10, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +24…+26°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр, найзағай, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +29…+31°C.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +29…+31°C.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +24…+26°C.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде 1-6, күндіз 5-10, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +25…+27°C.