"Қазгидромет" РМК 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына орай Астана мен Қазақстанның 16 облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысында найзағай ойнап, облыстың шығысында, оңтүстігінде дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада 8 қыркүйекте кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде жіне күндіз Абай облысының солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Павлодар облысының батысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз