Экология министрлігі Қостанай облысында қалдырылған киік қалдықтары туралы тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Ведомство өкілдері аталған фактіні тексеру нәтижесін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, желіде Қостанай облысының Жангелді ауданында қалдырылған киік қалдықтары туралы ақпарат тараған.

"Аталған фактіні тексеру мақсатында әкімдік пен ветеринария қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы жедел түрде оқиға орнына жіберілді, ұша қалдықтары анықталған жоқ. Аумақты тексерудің комиссиялық актісі жасалды. Ішкі бөліктерді одан әрі кәдеге жаратусыз кесу орнында қалдыру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Министрлік Қазақстан заңнамасына сәйкес жалған ақпарат таратқаны және оны таратуға жәрдемдескені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз