2025 жылғы 6 қыркүйекте Алматы облысының прокуратурасы Талғар аудандық полиция басқармасы қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 370-бабының 4-бөлігі ("Лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі") бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ведомствоның мәліметінше, оларға кәмелетке толмаған қызды ұрлап әкетіп, ер адамды өлтірген күдіктіні уақытылы ұстау үшін шараларды қабылдамаған деген айып тағылып отыр. Қайғылы оқиға Талғар ауданы Қызылқайрат ауылында болған.

Бұл істі арнайы прокурорлар өндірісіне алды. Қазір тергеудің барысы облыс прокуратурасының ерекше бақылауына алынды.

Прокуратура жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Сондай-ақ, ресми дерек көздерге ғана сенуге шақырады. Басқа мәліметтер ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.