Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың ата-аналарына арналған сөмкені (рюкзакты) таңдауға қатысты өз ұсыныстарымен бөлісті. Ведомство дұрыс таңдалған сөмке сау арқаның кепілі екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тым ауыр немесе ыңғайсызы бойға мін келтіріп, денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.
Салмақ бойынша нормалар:
- 1-3 сынып — 2 келіге дейін;
- 4-5 сынып – 2,5 келіге дейін;
- 6-7 сынып – 3,5 келіге дейін;
- 8-11 сынып – 4,5 келіге дейін.
Сөмкенің жалпы салмағы – баланың дене салмағының 10%-нан аспауы тиіс.
Ал арқаға тағатын бауы кең, жұмсақ, артқы жағы ортопедиялық қалыпта, материалы жеңіл, су өткізбейтін болуы керек. Баланың қауіпсіздігі үшін шағылыстыратын элементтері де болғаны маңызды.
Ата-аналарға арналған кеңестер:
- сөмкеге артық заттар салып, тексеріп көріңіз;
- қалай дұрыс ұстау керектігін түсіндіріңіз, бір иыққа емес, екі иыққа қатар бауды ілу міндетті;
- мұғаліммен кітаптардың бір бөлігін мектепте қалдыру мүмкіндігін талқылап, қарастырып көріңіз.
"Қауіпсіз сөмке — жайлы және салауатты оқу жылының кепілі", — дейді Денсаулық сақтау министрлігі.