Ақтауда ер адамдар төбелесіп, олардың екеуі пышақ жарақатын алды. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізіліп, күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға сенбіге қараған түні 12-ші шағынауданда болған. Құқық қорғаушылар оқиға орнын қоршауға алды.
Бұл ақпаратқа қатысты Маңғыстау облыстық Полиция департаменті пікір білдірді.
"Алкоголь ішіп отырған ер адамдар арасында жанжал шығып, соның салдарынан екеуі пышақ жарақатын алғаны анықталды. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Полиция күдіктіні анықтап, ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша соталды тергеу басталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!