Адвокат Гаухар Сарыева Талғарда болған қанды қылмыс туралы жаңа деректерді жариялады. Сөзінше, ұрланып, кейін арнайы жасақтың көмегімен құтқарылған кішкентай қызға хирургиялық ота жасалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Гаухар Сарыева бұған дейін Талғардағы төтенше жағдай туралы хабарлаған болатын. Адвокат белгісіз азамат ер адамды атып өлтіріп, бүлдіршінді ұрлап кеткенін жеткізді. Бұл ақпаратты полиция өкілдері растады.

Кейін Сарыева Instagram-дағы парақшасында кішкентай қыздың жағдайы туралы айтты. Қорғаушы Stories-те ұрланған бүлдіршінге хирургиялық ота жасалып, тіліне сегіз тігіс салынды.

Адвокаттың мәліметінше, қылмыскер полицейлерден қашып жүріп, қызды көлікпен бірге жардан құлатып алған. Соның салдарынан бүлдіршін жарақат алып, денесі көгеріп, сызаттар пайда болған.

"Қылмыскер көлікті қызбен бірге жардан тастап жіберді. Бүлдіршін жарақаттарды сол кезде алды, оған қол тигізбеген. Ол шынымен аман қалғанына шүкір", — деп жазды Сарыева.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз