Синоптиктер 7 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылатынын ескертті — қатты жауын-шашын болып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
7 қыркүйекте Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында нөсер жауын жауып, күндіз бұршақ жауады, дауыл соғады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында 7 қыркүйекте күндіз найзағай жарқылдайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Астана қаласында 7 қыркүйекте найзағай жарқылдайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
7 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 7-8 қыркүйекте облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 7-8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
7 қыркүйекте Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан ауысқан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 7 қыркүйекте күндіз найзағай жарқылдайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
7 қыркүйекте күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 7 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
7 қыркүйекте таңертең және күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
7 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай жарқылдап, дауыл соғып, шаңды дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 7 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
7 қырқүйекте түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында найзағай жарқылдайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында 7 қыркүйекте түнде найзағай жарқылдайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
7 қыркүйекте Түркістан облысының тауында найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында 7 қыркүйекте оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 7 қыркүйекте оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
7 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
7 қыркүйекте түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
7 қыркүйекте Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 7 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
7 қыркүйекте Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында нөсер жауын жауып, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталды, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында 7 қыркүйекте найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
7 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының батысында найзағай жарқылдайды. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
7 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз 15-20 м/с-қа, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с-қа жетеді. Петропавл қаласында 7 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с-қа жетеді.
7 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 7 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз