Қырғызстан ҰҚК төрағасы Қамшыбек Тәшиев қоластындағы қызметкерінің телефонын тартып алып, лақтырып жіберді. Оқиға Ташиевтің Нарын облысына жұмыс сапары барысында болған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Кочкор аудандық ауруханасының жағдайымен танысу кезінде Тәшиев ескі ғимараттарды сүруді, олардың орнына төрт қабатты екі жаңа корпус салуды және аумақты көгалдандыруды тапсырды. Кейін ол аудандық ҰҚК бөлімінің басшысын шақырып, тапсырмасын түсінген-түсінбегенін сұрады. Сол кезде Тәшиев қоластындағы қызметкердің телефонға алаңдап отырғанына ашуланып, құрылғыны тартып алып лақтырып жіберді.
"Мен сендердің орындарыңа жұмыс істеуім керек пе? Құрылысты дереу бастаңыздар. Жақсы мердігер таңдаңыздар да, бүкіл процесті бақылауға алыңыздар", – деді Қамшыбек Ташиев.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!