Бүгін, 2025 жылы 6 қыркүйекте Алматы облысында қамысты алқап өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі өртенген қамысты алқап Қарасай ауданындағы Алмалыбақ ауылы маңында орналасқанын нақтылайды.

"Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" су төгуші құрылғысы бар тікұшағы тартылды. Қазіргі сәтке дейін әуеден бес рет су төгу жұмыстары жүргізілді. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда". Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Жағдай ТЖМ бақылауында. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетсек, қос азамат Жамбыл облысындағы өрт кезінде адамдарды құтқарып, аталған сәтті видеоға түсірген.