Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен ел астанасына 9-10 қыркүйекте Конго президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді", делінген Ақорда баспасөз қызметінің 2025 жылғы 6 қыркүйектегі хабарламасында.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланады.

Бұған дейін Ақордада өткен мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтау жиынында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қытайлық серіктестермен бірге мұнай-газ саласында көптеген жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өткен болатын.