Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Балауса Мұздиман Алматыдағы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздиман кәсіби рингтегі кезекті жеңісіне жетті. Отандық спортшы қарсыласын нокуатқа жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысының тумасы Ali Akhmedov Promotion ұйымының алғашқы турниріне қатысты. Жекпе-жек Балуан Шолақ атындағы спорттық-мәдени кешенде өтті.

Балауса Мұздиман индиялық Мамта Сингхпен жұдырықтасты. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған, алайда уақытынан бұрын аяқталды.

Қазақстандық боксшы кездесудің басында қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Нәтижесінде индиялық спортшы төртінші раундқа дейін жұдырықтасып, соңында төреші техникалық нокаут тіркеп, жекпе-жекті тоқтатып тастады.

Балауса Мұздиман екінші аса жеңіл салмақтағы (52,2 келіге дейін) UBO чемпиондық белбеуінің иегері атанды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз