Қытайдың Хунань провинциясының тұрғынының миынан ұзындығы 18 см болатын тірі паразит табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Mothership басылымы жазғандай, 2024 жылдың сәуірінде ер адамның денсаулығы күрт нашарлай бастайды. Ол көзіндегі бөтен затқа және көз алдында қалқып тұратын дақ барын айтып, шағымданған. Офтальмологтар жүргізген тексеру ешқандай бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Дәрігерлер ауытқуларды тек магнитті-резонансты томография арқылы алынған суреттерден тапты. Олар мида қандай да бір бөгде зат болуы мүмкін екенін көрсетті. Мұны тексеру үшін ота жасау қажет болды. Басылым нақтылап өткендей, басында ер адам ота жасатқысы келмеген.
2025 жылдың шілде айының соңында оның жағдайы күрт нашарлайды: естен танып, аузынан көбік ағып, денесі құрысып-тырысып қалады. Сол себепті ақыры ота жасау туралы шешім қабылданады. Науқастың бас сүйегінен Spirometra тұқымды таспа құрт алынды. 10 күн емдеп, бақылауда болғаннан кейін ер адам үйіне босатылды.
Науқас бірнеше жыл бұрын жылан ұстап алып, оның өтін шикідей қылқытып жібергенін мойындаған. Дәрігерлер оның денесіне паразит дәнегі сол кезде түсуі мүмкін деп бажайлайды.