ForteBank 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында тұрақты нәтижелерге қол жеткізді .
Банктің таза пайдасы 100 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,8%-ға артты. Мұндай өсімге несие портфелінің кеңеюі, кірістердің көбеюі және активтердің сапасын бақылау ықпал етті.
Қаржы ұйымы орнықты даму стратегиясын жүзеге асыруды жалғастырып, цифрлық шешімдерді жетілдіру мен өнімдік желіні кеңейтуге басымдық беріп отыр. ForteBank үшін сенімділік пен ашықтық стандарттарын сақтау негізгі қағида болып қала бермек.
Есепті кезеңде банк АО «Home Credit Bank»-ті сатып алу бойынша негізгі келісімге қол жеткізді. Мәміле реттеуші органдардың рұқсатынан кейін аяқталады деп күтілуде.
ForteBank-тің мажоритар акционері Болат Өтемұратов қаржылық нәтижелерді былайша бағалады:
«Жартыжылдық қорытындылар ForteBank-тің берік позициясын және тұрақты өсуге бағытталған стратегиясын айқындайды. Forte бәсекелік артықшылықтарын дәйекті түрде нығайтып, сапаға, технологиялық шешімдерге және сервисті дамытуға басымдық беруде. Алдымызда жаңа мүмкіндіктер тұр және біз оған дайынбыз», – деді ол.