Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Демалыс күндері бірнеше өңірде ауа температурасы төмендейді

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ел аумағында жаңбыр жауып, жел күшейіп және ауа температурасының төмендейтінін болжап отыр, деп хабарлайды “Қазгиромет” РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіндегі күн райына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеіп, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

6 қыркүйекте солтүстік-батыста, 7-8 қыркүйекте солтүстікте, 8 қыркүйекте шығыс пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел күтіледі.

Сондай-а республика бойынша желдің күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түсуі ықтимал. Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Бұдан бөлек, мына өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

  • Солтүстік-батыста түнде +8…+16°С, күндіз +15…+25°С;
  • Солтүстікте түнде +8…+15°С, күндіз +13…+20°С;
  • Орталықта түнде +7…+18°С, күндіз +15…+23°С;
  • Оңтүстікте түнде +12…+20°С, күндіз +22…+30°С.

Ал шығыста ауа температурасы көтеріледі – түнде +5…+15°С, күндіз +20…+28°С. Батыста және оңтүстік-шығыста температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз