Болгарияның Шумен қаласында IX Еуропалық жасөспірімдер информатика олимпиадасы (EJOI-2025) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті – команданың барлық төрт мүшесі жүлдегер атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
ОКҚ-нің Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасына сүйеніп хабарлауынша, байқауға 24 елден 100-ден астам жас бағдарламашы қатысқан. Барлығы 52 медаль сарапқа салынды.
Қазақстандық оқушылар қоржынын бір күміс және үш қола медальмен толықтырды: күміс медаль – Құрмет Әбілмансұр, Атырау облыстық "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Шаймерден Нұрәлі, Көкшетау қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Юсупов Саят, Өскемен қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Мұғжан Дінмұхаммед, Көкшетау қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы.
Команданы тәжірибелі тәлімгерлер – Әлімжан Аманов, PhD, Қазақ-Британ техникалық университетінің ассистент-профессоры; Батыр Сардарбеков, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, спорттық бағдарламалау чемпионы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз