Былтыр Ресей мұнайының Қазақстан арқылы транзиті 10,2 миллион тоннаны құрады.
"Роснефть" Қытайлық серіктестермен Қазақстан аумағы арқылы мұнай экспортын жылына 2,5 миллион тоннаға ұлғайту туралы келісімге қол қойды.
Бұл туралы РФ энергетика министрі Сергей Цивилёв хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты Нефть и газ Казахстана телеграм-арнасына сілтеме жасап.
– "Роснефтьтің" Қытайлық серіктестермен Қазақстан арқылы қосымша 2,5 миллион тонна мұнай жеткізу туралы келісіміне қол қойылды",– деді министр Ресей делегациясының РФ президенті Владимир Путиннің басшылығымен Қытайға сапарының қорытындысын түсіндіре отырып.
Бұған дейін Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның Ресей мұнайы транзиті көлемінің өсуі үшін техникалық мүмкіндікті зерттеп жатқанын хабарлаған болатын.
Ресейден Қытайға Қазақстан арқылы "Прииртышск — Атасу — Алашанькоу" бағыты бойынша мұнайды "Роснефть" жеткізеді. Бұл мұнайдың бір бөлігін Қазақстан алмасу схемасы бойынша Павлодар МӨЗ-ін жүктеу үшін пайдаланады, дәл сондай көлемдегі өз шикізатын ҚХР-ға жібереді.
"Атасу — Алашанькоу" мұнай құбырының жобалық қуаты жылына 20 миллион тоннаны құрайды.
Қытай Ресей мұнай саласына Еуропалық Одақ пен АҚШ санкциялары енгізілгеннен кейін ресейлік мұнайдың ең ірі сатып алушысы болып қала береді.