Синоптиктер болжамы белгілі болды.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері жұма күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күн ашық болады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында негізінен жауын-шашынсыз, бірақ кей жерлерде туман күтіледі. Түнде ауа температурасы 7-15° жылы, күндіз 22-29° шамасында болады.


Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Қытай достығының символы: Алматыда Сянь Синхай шығармашылығына арналған концерт өтті


Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында жауын-шашынсыз, күн ашық. Күндіз ауа температурасы 30-39° дейін көтеріліп, ең ыстық ауа райы Түркістан мен Қызылорда облыстарында күтіледі. Түнде 12-22° жылы.

Батыс аймақтарда ауа райы құбылмалы. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындажаңбыр мен найзағай күтіледі, кей жерлерде жел күшейеді. Түнде 12-21° жылы болса, күндіз 20-28° шамасында болады.