Пневматикалық пошта дегенді естуіңіз бар ма?
Хаттар шағын капсулаға салынып, арнайы жерасты құбырлары арқылы қысылған ауаның күшімен екінші нүктеге зулап жететін. Қаладағы пошта бекеттері бір-бірімен осылай байланысып, жылдам хат-хабар алмасып отырған. XIX ғасырдың ортасынан бастап Еуропа мен Америкадағы ірі қалалар осы тәсілді кеңінен қолданды. Алайда жаңа технологиялар дамыған сайын пневмопоштаның дәурені де аяқталды. Соңғы жұмыс істеген жүйе Чехия астанасы Прагада болды. Алайда 2002 жылғы су тасқынынан кейін мұндағы қызмет те біржола тоқтады.