Танымал итальяндық модельер Джорджио Армани 91 жасында өмірден өтті. Соңғы күндері сән әлемінің өкілі ауруханадан кейін оңалтудан өтіп жүрген, деп Reppublica басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Armani тобы қатты қайғыра отырып, өз іргесін қалаушы және қажымас қозғалтқышы болған Джорджио Арманидің қайтыс болғанын хабарлайды. Қызметкерлер мен әріптестері әрдайым құрметтеп, дәріптеп атайтын синьор Армани соңғы күндерін өзінің жақындарының ортасында өткізді", — деп хабарлады басылым.
Белгілі болғандай, модельер соңғы кездері денсаулығына байланысты сән апталықтарына қатыса алмаған. Алайда оған қарамастан соңына дейін Facetime арқылы командасының дайындығын бақылап, образдарды тексеріп, қызметкерлеріне тапсырма беріп жүрген.
Джорджио Армани 1934 жылы 11 шілдеде Пьяченцада дүниеге келген. 1975 жылы ол Сержо Галеоттимен бірге Giorgio Armani компаниясын құрды, ол әлемдегі ең үлкен сән үйлерінің біріне айналды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз