Алмалы ауданының прокуратурасы ауданы 486 шаршы метр болатын әкімшілік ғимараттың бір бөлігін заңсыз жекешелендірілгенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық прокуратурасы Мемлекеттік кірістер департаменті ғимаратының бір бөлігін қайтарып алды
"2006 жылы ғимарат төмендетілген бағамен "БибиДана" ЖШС-ға сатылып, ол өз кезегінде мүлікті "Саяхат" әуе компаниясы" АҚ-ға өтеусіз тапсырған. Соттың шешімімен прокуратураның мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылды (заңды күшіне енді)", делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қайтарылған ғимаратқа бағалау жүргізуде.