Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев бірнеше минуттан кейін басталатын, 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Уэльс командасына қарсы ойында өнер көрсететін ұлттық құраманың құрамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлиев Уэльске қарсы ойынды бастайтын алғашқы 11 ойыншыны атады:
Анарбеков, Малый, Әліп (капитан), Қайыров, Қасым, Оразов, Самородов, Вороговский, Кенжебек, Сәтбаев, Қасабулат.
Қосымша ойыншылар орындығында өз кезегін күтушілер: Шайзада, Сейсен, Жақсыбаев, Мужиков, Чесноков, Қараман, Жагоров, Халматов, Свиридов, Жұмат, Астанов және Өміртаев.
Қазақстан мен Уэльс арасындағы кездесу "Астана Аренада" өтеді, басталуы — сағат 19:00-де. 23 наурызда Кардиффте (Уэльс) өткен бірінші матчта біздің футболшылар қарсыластарынан 1-3 есебімен жеңіліп қалған болатын.