Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Orda» телеграм-арнасында таралған ақпаратты жоққа шығарып, қызметкерлері ұсталмағанын мәлімдеді.

ҰҚК бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді.

«Ведомство азаматтарға жалған ақпаратқа сенбеуге, тек ресми дереккөздерге жүгінуге кеңес береді. Сонымен қатар көрінеу жалған ақпарат тарату Қазақстан заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді», – деді ҰҚК.

Осыған дейін бұл ақпаратты мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, СІМ мен орталық коммуникациялар қызметі де жоққа шығарған еді.

Еске салсақ, бүгін отандық БАҚ пен телеграм арналарында Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны жайлы ақпарат тараған еді.