Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев "Қайрат" – "Реал" кездесуіне кей азаматтарға шақыру билеттері берілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қонақтарға, ең алдымен, УЕФА өкілдеріне, халықаралық бақылаушылар, құрметті қонақтарға шақыру билеті беріледі. Әрине, шақыру билетін "Қайрат" футбол клубы ұсынады. Қанша билет болатынын айту қиын.
Сондай-ақ бұл матчқа 60-қа жуық БАҚ өкілі аккредиттеледі. Нақтысы, олардың кім екені де сәл кейінірек, "Қайрат" футбол клубының ресми баспасөз брифингінде жарияланады", — деді вице-министр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз