Америка Құрама Штаттары 2030 жылдардың басында Марсқа миссия жіберуді жоспарлап отыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

– Біз алдымен Айға пайдалы жүктерді жіберіп, онда база салуды бастаймыз. Содан кейін 2030 жылдардың басында Марсқа барамыз… Бұл 8 айлық миссия болады, — деді NASA басшысының міндетін атқарушы Шон Даффи.

Оның айтуынша, 2026 жылдың көктемінде төрт ғарышкер Айды айналып ұшып, одан кейін Айға қонып, онда 812 күн болады. Осы уақытқа дейін Айда ең ұзақ болу мерзімі 3 күнді құрады.

Америкалық миллиардер Илон Маск 2026 жылдың соңына қарай Марсқа Optimus атты гуманоид роботы бар Starship ғарыш кемесін жіберуді жоспарлап отыр. Оның айтуынша, бұл миссия сәтті болса, адамдар 2029 жылға қарай Марсқа қонуы мүмкін. Дегенмен миллиардер бұл оқиғаның 2031 жылы болуы ықтимал екенін атап өтті.

NASA-ны қайтадан күшті ету және Марсқа адамдарды жіберу бойынша жұмыс істеу үшін Маск өзінің досы, ғарышта екі рет болған миллиардер Джаред Айзекманды NASA басшысы лауазымына шақырды. АҚШ президенті Дональд Трамп та кандидатураны қолдады. Алайда маусым айында Маскпен келіспеушіліктерге байланысты Шон Даффи NASA басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.