Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы еліміздің Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы хабарлайды: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Орталық ресми мәлімдейді: әдейі жалған ақпарат тарату қоғамдық сенімге нұқсан келтіріп, болып жатқан оқиғаларға бұрмаланған көзқарас қалыптастырады", — делінген хабарламада.
Сондай-ақ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды сақ болуға және тек ресми, тексерілген дереккөздерге сенуге шақырды.
"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жалған ақпарат тарату және оның таралуына жәрдемдесу үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін қарастырылғанын еске саламыз", — делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз