Сенат депутаттары осындай шешім қабылдады.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар Жоғарғы соттың судьясы Берік Нәжімеденовті қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

"Президенттің ұсынуы бойынша Сенат депутаттары Жоғарғы соттың судьясы Нәжімеденов Берік Төлеутайұлын қызметінен босату жөнінде дауыс берді. Бұл мәселе алдын ала Сенаттың бейінді комитетінде қаралған", – деп жазды Сенат аппаратының басшысы Максим Споткай өзінің Telegram-арнасында.

Ол сонымен қатар Сенаттың ерекше өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьяларын президенттің ұсынуымен сайлау және қызметінен босату кіретінін еске салды.


Оқи отырыңыз: Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды