Әлемдік көшбасшылардың қайсысы Қытайға балаларын ертіп барғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықаралық БАҚ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысушылардың кейбірі балаларын сапарға бірге ала барғанын жазып жатыр. Мәселен, Әзербайжан президентінің қызы Арзу Әлиева медиада жарқын көрініс табуда. Ол анасы Мехрибан Әлиевамен бірге 1 қыркүйекте Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы шараларға қатысты.
Ильхам Әлиевтің жұбайы Мехрибан Әлиева Қытайдағы іс-шаралардан отбасылық суреттерді Instagram парақшасында белсенді түрде бөлісті.
Арзу Әлиева жайлы мәліметтерге көз жүгіртсек, ол Бакудағы медиаорталықты басқарады. Сондай-ақ, жасы 36-да екені, ағылшын мен француз тілдерін жетік меңгергені белгілі болды.
Мехрибан Әлиевадан бөлек, Қытайға Непал, Армения, Малайзия, Моңғолия, Иран, Египет, Түркия және Өзбекстан басшыларының жұбайлары да келді.
Сонымен қатар, шараға қызын ертіп келген тағы бір басшы – Солтүстік Кореяның президенті Ким Чен Ын. Yonhap басылымының мәліметінше, 13 жастағы Ким Чжу Э әкесімен алғаш рет Бейжіңге сапар шегуде.
Ашық дереккөздерде бұл қыз туралы ақпарат жоқтың қасы.
Бұған дейін Әзербайжан, Армения және Түркияның бірінші ханымдары Қытайда уақыттарын қалай өткізуде екенін жазған болатынбыз.