Елена Рыбакина өзін қорлаған бапкермен жұмысын әрі қарай жалғастырып, ал италиялық маманмен қош айтысуды жөн санады.
US Open турниріндегі өнерін 1/8 финалда аяқтаған соң Елена Рыбакина Давиде Сангвинеттимен ынтымақтастығын тоқтатты. Қазақстандық теннисшінің бұл шешімі маусымдағы соңғы "Үлкен дулыға" жарысының қорытындысына байланысты қабылданған. Дегенмен, бұл жаңалық күтпеген жағдай болды. Өйткені тамыз айының басында WTA хорват маманы Стефано Вуковты ресми түрде жарыстарға қатысуға қайта рұқсат берді. Ал, 2023 жылдың күзінен бері күшінде болған уақытша шеттету алынып тасталды. Ол шектеу Вуковқа ареналарға, жаттығу корттарына және турнирлерге қатысты аймақтарға кіруге тыйым салған еді. Жұмысқа қайта оралған бапкер Рыбакинаға Цинциннатиде жартылай финалға, ал Нью-Йоркте 1/8 финалға дейін жетуіне көмектесті.
Жуырдағы оқиғаларға көз жүгіртсек, 2024 жылдың соңында Рыбакина кенеттен Горан Иванишевичпен жұмыс істей бастайтынын жариялаған болатын. Алайда Новак Джоковичтің бұрынғы жаттықтырушысының әйелдер турындағы бұл "сапары" шын мәнінде басталып үлгермеді. Кейінірек Иванишевичтің өзі подкаст барысында бұл жағдайды "ерекше әрі өкінішті" деп атап, оған байланысты емес сыртқы факторлар мен жағдайлардың осы жобадан бас тартуға мәжбүрлегенін айтты.
Осылайша, ақпанда Вуковтың орнын уақытша басуға тиіс Сангвинетти келді.
Көктемде Рыбакина, Сангвинетти және Вуков үшеуін бірге БАӘ-де жаттығу кортында көргендер болды. Бәріне белгілі, хорват маман ресми шеттетілгеніне қарамастан, шәкіртімен әрдайым қатар жүрді. Сондықтан Вуков турға қайта оралған соң, Рыбакинаның "қос жаттықтырушы жүйесінен" бас тартып, 2019 жылдан бері қасында жүрген Стефаноға толық сенім артуды жөн көріп отыр.
Енді Рыбакинаның жалғыз жаттықтырушысы хорват Стефано Вуков болып қалды.