Бестеректе жол апатынан зардап шегіп, Астанаға санитарлық авиациямен жеткізілген екі бала үйлеріне шығарылмақ. Дәрігерлер олардың жағдайын “жақсарып қалды” деп бағалап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір науқастардың ешқандай шағымы жоқ.

“Қажетті емдеу-диагностикалық шаралар жүргізілді. Өздерін жақсы сезінеді. Тәбеті жақсы. Балалар белсенді. 4 қыркүйек күні ауруханадан шығуға дайындалып жатыр”, – деді ведомство өкілдері.

Жағдайының ауыр болғанына байланысты Астанаға жеткізілмеген қыз да Үржардағы ауруханада дәрігерлердің бақылауында болып, 23 тамызда санавиация арқылы Семейге жеткізілді. Оның жағдайы өте ауыр, науқас комада.