Тартысты бәсеке 2 сағат 6 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатынының ширек финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 8-ракеткасы, финляндиялық, 18 жастағы Оскари Палданиустан айласын асырды.

О.Полданиус ересектер арасында ATP рейтингісінде 991-сатыда тұр.

Бірінші партияда фин теннисшісі 6:3 есебімен басым түсті.

Бұдан кейін камбэк жасай білген Заңғар қарсыласын тұқыртып тастады – 6:1, 6:2.

Тартысты бәсеке 2 сағат 6 минутқа созылды.

Осылайша, тағы бір сенсация жасап, ширек финалға өткен Заңғар Нұрланұлының келесі қарсыласы – ресейлік Тимофей Дерепаско.

З.Нұрланұлын айтулы табысымен Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов құттықтады.

З.Нұрланұлы жұптық сында Дамир Жалғасбаймен бірге екінші айналымда жарыстың 2-ракеткалары, германиялықтар Нильс Макдональдс – Макс Шёнхауспен ойнайды.