Ресей Президенті Владимир Путин Қытайға жасаған сапарының қорытындысы бойынша өткен баспасөз жиынында Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, Зеленскиймен келіссөз өткізуді оған АҚШ Президенті Дональд Трамп ұсынған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осыған байланысты Ресей басшысы Украинаның қазіргі президентін Мәскеуге келуге шақырды.

– Егер Зеленский дайын болса, Мәскеуге келе берсін, ондай кездесу өтеді, – деді ол.

Сонымен қатар, Путин Дональд Трамппен мүмкін болатын кездесу жайында да сөз қозғады.

Путиннің айтуынша, әзірге нақты уақыт белгіленбеген, дайындық жүргізіліп жатқан жоқ, бірақ шақыру әлі де үстелде тұр.