4 қыркүйекте Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 4 қыркүйекте күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 4-6 қыркүйекте облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 4-6 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде, шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда 4 қыркүйекте найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны минус 2 градусқа дейін төмендейді, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 4 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 4 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 4 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 4 қыркүйекте шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, түнде облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 4 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, түнде кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Петропавлда 4 қыркүйекте найзағай ойнайды деп күтіледі.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 4 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың тау асуларында 25 м/с дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 4 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 4 қыркүйекте кей уақыттарда шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның кейбір өңірінде 4 қыркүйекте бұршақ түсіп, үсік жүретінін болжаған.