Қылмыстық іс тіркелді .
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомство басшысы полиция қызметкерлері суық қаруды сотталған Ернар Жиембайға сатқан деген қауесетке жауап берді.
Бұған дейін мылтықтың Астанада есептен шығарылғаны туралы ақпарат тарады.
"Өкінішке қарай, мұндай жайт болды. Бұл тұста мәселе біреудің әдейі сатып жібергенінде емес, қызметкерлердің салғырттығында болып отыр. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында барлық мән-жайды анықтаймыз", – деді министр Мәжіліс кулуарында.