Танымал блогер Әлихан Байзақов жеке өміріне қатысты сыр шертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі жұлдызы сәуір айында шариғат бойынша неке қидырған еді. Көпшілік екі жастың екі жаққа кетуіне анасын кінәлаған еді.

“Анамның оған не қатысы бар?! Ол менің отбасыма ешқашан араласқан емес және ажырасуға ешқандай қатысы жоқ. Мен анамның ұлымын. Бұл жерде ұят ештеңе жоқ. Бұл қалыпты жағдай. Ананың өз орны бар, әйелдің өз орны бар. Мені қаралайтын қыздар: өзің болашақ ана болатыныңды ұмытпа. Ұлыңның сені сыйламағанын қалайсың ба?! Менің ойымша, жоқ. Ендеше, анаға деген құрмет табиғи нәрсе. Негізі, маған осы жағдайға байланысты әйел қауымы жазады. Күйеуін алдаған әйелдерді неге ешкім айыптамайды?!”, – деп екіойлы жазба қалдырды.

Одан кейін бүгінде ерлер қауымы әлсіз, әйелдер күшті болып кеткенін де айтып өтті.

“Қазір әлсіз еркектер мен "күшті" әйелдердің заманы. Әйелдер еркектерге қарағанда көбірек сөйлей бастады.

Ешкім шындықты айтқысы келмейді. Олар тек адамды кінәлауды ғана біледі. Ерлерге қарсы қызыл жалаулары дайын тұрады. Менен барлығы мың рет бас тартса да енді маған бәрібір”, – деп ашуланды блогер.