Жетісу облысында полицейлер бір-бірін 20 жылдай көрмеген апалы-сіңлілілердің қауышуына себепші болды. Туысын көру үшін әйел Шығыс Қазақстан облысынан келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, оқиға Жетісу облысы Үштөбе қаласында болған. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының тұрғыны 20 жыл бұрын әпкесін жоғалтып алған. Үміті үзілмеген тұрғын әпкесін тауып қалармын деген ниетпен Үштөбеге барған.
Ол көшеде учаскелік полиция инспекторлары Айбек Қази мен Талғат Есқожановпен жолығып қалған. Полицейлер оның өтінішіне бірден құлақ асып, іздестіру жұмыстарына көмектесуге кіріскен.
Жүйелі жұмыстың арқасында тәртіп сақшылары апалы-сіңлілерді қауыштырды. Әйел полиция қызметкерлерінің көрсеткен көмегіне алғысын білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жетісу Облысының Полиция Департаменті (@zhetysu.police)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз