2025 жылғы 30 маусымда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу бойынша заңнамалық түзетулерге қол қойылды. Жаңа заң үлестік үлескерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков баспасөз мәслихатында салынып жатқан тұрғын үйлердегі үлестерді сатып алуға байланысты алдын ала шарттар жасасуға тыйым салынатынын еске салып өтті.
Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, бұл заң талаптарының сақталуын және үлескерлердің қаражатын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, бірыңғай оператордың рұқсатынсыз не кепілдігінсіз қаражаты заңсыз тартқаны және жарнама үшін айыппұл 300-ден 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
"Жарнама туралы" Заңда үлескерлердің қаражатын тартуға тиісті рұқсатсыз салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйді жарнамалауға тыйым салынған.
"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Заңда ЕДБ-нің "ҚАЗРЕЕСТР" АЖ арқылы сатып алынатын үлесі үшін төлемнің заңдылығын тексеру құқығы көзделген, оған кіруді Қазақстандық тұрғын үй компаниясы қамтамасыз етеді.
"Банктер және банк қызметі туралы" Заңда әкімдік рұқсаты немесе Бірыңғай оператордың кепілдігі жоқ объектілер бойынша ипотека беруге тыйым салуға бағытталған түзетулер қарастырылған.
"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Заңда оны аз қабатты құрылысқа және жеке тұрғын үйлер кешеніне қатысты қолдануға мүмкіндік беретін нормалар бар", — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз