Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбектің ұсталғанын растады. Нұрбол Жүнісбекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Kazinform.
Агенттіктің хабарлауынша, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.
Шенеунік аталған басқарма басшысы қызметіне 2025 жылдың наурыз айында тағайындалған. Ақпарат агенттігінің дерегінше, ұстау оқиғасы Астанада болған. Шымкент әкімдігінде Жүнісбековтің бұл кезде еңбек демалысында жүргені нақтыланды.
"Аталған дерек бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді", — делінген ҰҚК-нің ресми жауабында.
Нұрбол Жүнісбеков 2025 жылдың қаңтар–ақпан айларында қаланың Жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарды, ал наурыз айынан бастап Тұрғын үй басқармасына басшы болып тағайындалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз