Қазақстандық блогер өзін тірідей көміп, TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматыда бір блогер TikTok-та қаралым жинау үшін шектен шыққан «эксперимент» жасады. Ол өзін жерге көміп, сол жерде бір тәулік өткізіп, тікелей эфир жүргізген.

Айтуынша, бұл әрекетті ол тек контент үшін жасаған. «Адам мұндай жағдайда өмір сүре ала ма?» дегенді сынап көргісі келген. Бірақ шоу шын мәнінде қауіпті жағдайға айналып кетті. Видео тез таралып, тек оқырмандардың ғана емес, полицияның да назарын аударды.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл фактіні тексеруге кіріскенін растады.