Қазақстанда экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк көліктерінің контрабандасы әшкереленді .
Олар елге жалған құжаттар арқылы заңсыз әкелінген.
Бас көлік прокуратурасы хабарлауынша, Қытайда өндірілген жалпы құны 150 млн теңгеден асатын көліктер бойынша экономикалық контрабанда дерегі тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Қылмыстық істі Бас көлік прокуратурасының соталды тергеп-тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары қолға алынды», – делінген ресми мәліметте.