Ақпаратты ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

RBK bank-тен ақша жымқыру ісі бойынша сотталған Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Сотталған Ертаев жазасын сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеген. Сот шешімі негізінде оған рақымшылық жасау актісі қолданылып, босатылды", – делінген ақпаратта.

Жомарт Ертаев әрі қарай бақылау мен қадағалау үшін пробация қызметінің есебіне қойылған.