Қазақстан ерлер теннис құрамасының Дэвис кубогі аясында Оңтүстік Кореяға қарсы өтетін қонақ кездесуіне (12-13 қыркүйек) қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz мәліметінше, ұлттық құраманың капитаны Юрий Щукин келесі қазақстандық спортшыларды таңдады:

  • Александр Бублик — ATP рейтингінде 24-орын (жеке), 586-орын (жұптық);
  • Александр Шевченко — ATP рейтингінде 91-орын (жеке), 891-орын (жұптық);
  • Бейбіт Жукаев — ATP рейтингінде 191-орын (жеке), 349-орын (жұптық);
  • Тимофей Скатов — ATP рейтингінде 192-орын (жеке), 798-орын (жұптық);
  • Дмитрий Попко — ATP рейтингінде 237-орын (жеке), 644-орын (жұптық).

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ATP Tour (@atptour)

Аталған матчтың жеңімпазы турнирдің іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Бұған дейін Александр Бубликтің АҚШ-та әлемнің бірінші ракеткасынан ойсырай жеңілгенін жазғанбыз.