Нью-Йоркте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы АҚШ ашық чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
ITF Juniors рейтингінде 54-орында тұрған 17 жастағы қазақстандық Заңғар Нұрланұлы екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер рейтингіндегі 13-ракеткасы, польшалық Алан Важныйды 6:4, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.
Үшінші айналымда Зангар финляндиялық Оскари Полданиуспен кездеседі.
Ол қазіргі уақытта ITF Juniors рейтингінде 8-орында тұр.