Қарағандыда жаңа оқу жылының алғашқы күні – 2 қыркүйекте, Ақтөбе көшесінде орналасқан үш қабатты лицей-интернат ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт шатырдағы ағаш қаптамадан тұтанып, аумағы шамамен 15 шаршы метрді қамтыған.
Өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде ауыздықтап, оның таралуына жол бермеді. Құтқарушылар келгенге дейін ғимараттан 270 адам, соның ішінде 240 бала өздігінен эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Ведомство өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салды.
Бұған дейін Алматыда автосервис станциясындағы ірі өрттің сөндірілгені хабарланған болатын.