Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы мәлім етті.
2025 жылғы жаз Қазақстандағы автожол қозғалысы бойынша ең белсенді маусымдардың бірі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұндай өсім демалыс маусымымен қатар, ішкі туризмнің дамуы мен соңғы жылдары жүзеге асқан инфрақұрылымдық жобалардың нәтижесі болып отыр.
Қазіргі заманғы республикалық жолдар ірі қалаларды байланыстырып қана қоймай, туристік нысандарға қолжетімділікті арттырды. Биыл сегіз өңірде 2 мың шақырымнан астам жолға жөндеу жүргізіліп, танымал демалыс орындары мен мәдени нысандарға баратын бағыттар жақсартылуда.
Ең танымал бағыттар:
- Астана – Теміртау (1,44 млн сапар)
- Астана – Щучинск (1,36 млн)
- Алматы – Қонаев – Талдықорған (5,4 млн)
- Алматы – Қорғас (696 мың)
- Шымкент – Тараз – Қайнар (5,1 млн-нан астам)
- Шымкент – Өзбекстан шекарасы (2,66 млн)
- Қостанай – Денисовка (843 мың)
- Павлодар – Семей – Қалбатау (448 мың)
Сондай-ақ, Ресейге бағытталған сапарлар да белсенді болды, шекара маңындағы жолдармен 700 мыңнан астам көлік өткен.
Сарапшылардың айтуынша, "Астана – Алматы", "Талдықорған – Өскемен", "Атырау – Астрахан", "Ақтөбе – Қандыағаш" секілді ірі жобалардың аяқталуы автотуризмге тың серпін берді. Енді қазақстандықтар Каспий теңізіне, Алтайға, Жетісу өңіріне немесе орталық қалаларға еш қиындықсыз сапар шегуге мүмкіндік алды.
Ақылы жолдар желісінің дамуы ішкі туризмді өркендетіп, Қазақстандағы курорттар мен тарихи бағыттарға қызығушылықты арттырып отыр.