2025 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова Үкімет кулуарында қазақстандықтардың несие берешегі туралы деректермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Агенттік басшысының айтуынша, қазіргі таңда банктерде проблемалық несиесі бар азаматтардың саны шамамен 500 мың адам.

"Сонымен қатар, микрокаржылық ұйымдарда проблемалық несиесі бар шамамен 350 мың адам бар", – деді Мәдина Әбілқасымова.

Ол кейбір борышкерлер үшін жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті:

"Неге біз жаңа ережелер енгіздік – өйткені белгілі бір санаттағы азаматтар бар, олардың несиелері проблемалық болып есептеледі. Қаржы ұйымдары ондай азаматтарға несие бергенде, қарыз сомасын немесе пайыздық мөлшерлемені аздап төмендетеді. Біздің бағалауымыз бойынша, мұндай қазақстандықтардың саны 300 мыңнан 500 мың адамға дейін", – деді агенттік төрайымы.

Бұған дейін Қазақстанда несиелерді мерзімінен бұрын өтеу ережелері өзгеретіні туралы хабарланған болатын.