Веналық 85 жастағы турист пен оның 82 жастағы жұбайы Дахштайн таулы жотасында итін ертіп серуендеп жүрген. Алайда, бір сәтте оларға ірі қара тобы шабуыл жасаған, арты қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CBS News мәліметінше, ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан. Оның жұбайы да ауыр жарақат алған. Куәгерлердің айтуынша, сиырлар егде жастағы ерлі-зайыпты серуендетіп жүрген иттен қорқып, шабуылға көшкен. Осылайша, зейнеткерлерді таптап кеткен.

Оқиға куәгерлері – жақын маңдағы туристік баспананың қызметкерлері мен басқа да демалушылар алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.

Қазіргі уақытта жергілікті прокуратура оқиғаның нақты мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 500 адамға жеткенін жазғанбыз.