Бүгін, 2 қыркүйекте палаталардың бірлескен отырысында VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы парламентінің төртінші сессиясының ашылуы өтті, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға парламенттің қос палатасының спикерлері мен депутаттары, премьер-министр мен үкімет мүшелері, мемлекеттік кеңесші, Конституциялық сот пен Жоғарғы сот төрағалары, Президент әкімшілігінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың басшылығы қатысты.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз